2 сағат бұрын
Мерей Мәулетқанов әлем чемпионатының қола жүлдесіне күреседі

Ұлттық құрама спортшысы Мерей Мәулетқанов (-72 кг) Хорватия астанасында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында Ибрагим Ганеммен (Франция) күш сынасты, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл белдесуде әлем чемпионы және күміс жүлдегері, тәжірибелі Ганем басым түсті.
Енді Мерей ертең түнде (Астана уақытымен 21:00-ден кейін) қола медаль үшін күш сынасады. Оның қарсыласы ертең түсте жұбаныш кезеңінен кейін белгілі болады.
Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов биыл ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсеке бірінші рет қатысып тұр. Ол бірнеше ай бұрын Астанада өткен Қазақстан кубогында осы салмақта топ жарған.
Бүгін Мәулетқанов алғашқы белдесуінде Липаста Матиас Олавиді (Финляндия), сосын әлем чемпионы Әли Арсаланды (Сербия) жеңді. Ал ширек финалда Токио мен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Парвиз Насибовтан (Украина) басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
