2 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Ербол Мырзабосынов әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиға құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

- Қазақстан спорты үшін тарихи сәтке куә болып отырмыз. 26 жыл үзілістен кейін еліміз грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді. Бұл – XXI ғасырдағы алғашқы жеңісіміз.

Загреб төрінде 60 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Айдос Сұлтанғали финалда Өзбекстан спортшысы Әлішер Ганиевті жеңіп, ел қоржынына алтын салды. Бұл жетістік – оның табандылығы мен шеберлігінің, сондай-ақ Қазақстанда спортқа жасалып отырған мемлекеттік қолдаудың айқын дәлелі.

Айдос бұған дейін әлем біріншілігінде екі мәрте қола медаль жеңіп алған болса, енді міне, шыңды бағындырып, ел тарихына есімін алтын әріппен жазды. Осыдан соңғы рет грек-рим күресінен 1999 жылы Мхитар Манукян әлем чемпионы атанған еді.

Бұл жеңіс – барша халқымызға қуаныш сыйлаған айтулы оқиға. Айдостың табысы жас спортшыларымызға үлкен жігер береді деп сенемін.

Чемпионымызды шын жүректен құттықтап, болашақта әлі талай биіктерді бағындыруына тілектеспін! - деді минстр.

Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали алтын медаль алды.

Отандасымыз финалда өзбекстандық Алишер Ганиевтен басым түсті. 

Бұл - ел құрамасы қоржынына 26 жылдан бері түскен алтын медаль. 1999 жылы қазақстандық Мхитар Манукян (63 келі) жеңіске жетсе, 1998 жылы Бахтияр Байсейітов әлем чемпионы болған.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Батуттық гимнастикадан отандастарымыз Әлем Кубогы кезеңінде чемпион атанды

Басқа 31 минут бұрын

Батуттық гимнастикадан отандастарымыз Әлем Кубогы кезеңінде чемпион атанды

Айдос Сұлтанғали: тарихты жаңарту маған бұйырыпты

Күрес 2 сағат бұрын

Айдос Сұлтанғали: тарихты жаңарту маған бұйырыпты

Ербол Мырзабосынов әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Күрес 2 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Грек-рим күресінен соңғы рет Қазақстан қашан алтын медаль алған?

Күрес 2 сағат бұрын

Грек-рим күресінен соңғы рет Қазақстан қашан алтын медаль алған?

Айдос Сұлтанғали - әлем чемпионы (ФОТОРЕПОРТАЖ))

Футбол 2 сағат бұрын

Айдос Сұлтанғали - әлем чемпионы (ФОТОРЕПОРТАЖ))

«Реал Мадрид» Испания чемпионатында ұпайдан шашау шығармай келеді

Футбол 3 сағат бұрын

«Реал Мадрид» Испания чемпионатында ұпайдан шашау шығармай келеді