30.09.2025

Қазақстан Барысы: Астанада іріктеу турнирі басталды

Қазақстан Барысы: Астанада іріктеу турнирі басталды

Бүгін елордадағы «Аспан» спорт кешенінде қазақ күресінен дәстүрлі «Астана барысы» қалалық іріктеу турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл бәсеке балуандарға республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдама беретін маңызды дода саналады.

Жарысқа барлығы 80 балуан қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Оның ішінде аса ауыр салмақтағы «Түйе балуан» санатында 15 спортшы бозкілемде бақтарын сынауда. 

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған турнирде балуандар -55, -60, -66, -74, -82, -90, -100 және Түйе балуан салмақ дәрежелері бойынша күш сынасуда.

Қаламыздың намысын қорғап жатқан түйе балуандар қатарында елге белгілі спортшылар Нұрдаулет Айсағалиев, Олжас Шынкеев, Мейіржан Сламшаиков, Жасұлан Халқабаев бар. Бұл туралы қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының аға жаттықтырушысы Марлен Ақтаев мәлімдеді.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған балуандарға арнайы сыйлықтар, диплом және медаль табысталады. Ал «Түйе балуан» санатында 1-2 орын алған спортшыларға «Астана барысы» белбеуі беріліп, қазан айында елорда төрінде өтетін республикалық «Қазақстан барысы» додасына тікелей жолдама бұйырады.

Айта кетейік, 2015 жылы Астананың намысын қорғаған Ғани Сейділдаев «Қазақстан барысы» турнирінде қола жүлдегер атанған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Хетафе» футболшысы «Реалмен» ойындағы төрешілерге наразы

Футбол 30 минут бұрын

«Хетафе» футболшысы «Реалмен» ойындағы төрешілерге наразы

Қазақстандық Александр Шевченко әлемдік ATP рейтингінің үздік 90 тізімінен шығып қалды

Теннис 37 минут бұрын

Қазақстандық Александр Шевченко әлемдік ATP рейтингінің үздік 90 тізімінен шығып қалды

КФФ «Астана» — «Ақтөбе» матчындағы даулы сәттерге түсініктеме берді

Футбол 46 минут бұрын

КФФ «Астана» — «Ақтөбе» матчындағы даулы сәттерге түсініктеме берді

Қазақстан чемпионатының ширек финалы қалай өтті?

Бокс 2 сағат бұрын

Қазақстан чемпионатының ширек финалы қалай өтті?

«Пафос» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға жоспарын айтты

Футбол 2 сағат бұрын

«Пафос» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға жоспарын айтты

«Челси» капитаны мен Дастан Сатпаев тең нәтиже көрсетті

Футбол 2 сағат бұрын

«Челси» капитаны мен Дастан Сатпаев тең нәтиже көрсетті