03.10.2025
Ризабек Айтмұхан U23 әлем чемпионатына қатысады

2025 жылдың соңына дейін қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан тағы бір ірі сынға шығады. Sportarena хабарлауынша, ол 20–27 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатына қатысады.
Айтмұхан бұл жарысқа өткен жылғы чемпион әрі «best of the best» атағының иегері ретінде аттанады. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, 97 келі салмақ дәрежесінде басты фаворит болып саналмайды. Алтын жүлдеге негізгі үміткер ретінде жапон балуаны Араш Йошида көрсетілуде. Ол қазақстандық спортшыны екі рет Азия чемпионатының финалында жеңген:
– 2023 жылы Астанада (92 кг) – 11:4 есебімен;
– 2025 жылы Амманда (97 кг) – 7:1 есебімен.
Айта кетейік, соңғы ересектер арасындағы әлем чемпионатында Йошида үздік үштікке енсе, Айтмұхан алғашқы белдесуде Магомед Курбановтан ұтылып қалған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
