09.10.2025
Астанада XIV республикалық «Qazaqstan Barysy» турнирі өтеді

8 қазанында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен XIV республикалық «Qazaqstan Barysy» турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл ел намысын арқалаған ең мықты балуандардың бозкілемдегі шешуші айқасы.
Жарыстың басталуы: 18 қазан, сағат 12:00-де.
Аталған айтулы дода Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр. Турнирге облыстық іріктеу сайыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары қатысады. Бұдан бөлек, өткен жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы мен «Әскер Барысы» жарысының екі балуаны да бозкілемге шығады. Жалпы, 43 балуан күш сынасады.
Айта кетейік, биыл «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алған екі балуан Астана қаласының намысын қорғайды. Атап айтқанда, Шынкеев Олжас пен Сламшаиков Мейіржан. Бұл спортшылар елорда төрінде өткен республикалық турнирге іріктеу жарысы – «Астана Барысы» қалалық турнирінде жеңімпаз атанып, ел біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алған болатын.
Турнир қорытындысы бойынша ең үздік спортшы анықталып, қазақ күресінің ең мәртебелі атағы – «Тайтұяқ» пен 15 миллион теңге көлеміндегі бас жүлде табысталады.
Көрермендер үшін билеттер ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
