09.10.2025
Жәмила Бақбергенова жарақат алғанын мәлімдеді

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, жақында ғана Загребте өткен әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшыраған Жәмила Бақбергенова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz
- Әлем чемпионатынан кейін "Жәмила қайда?", "Күресті қойды ма?" деп сұрап жатыр. Менде бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар. Тек әлем чемпионаты кезінде боз кілемде белдесіп жатқанда, шынтағымды жарақаттап алдым. Қазір иығым мен шынтағымды емдеп жатырмын. Біздің құрама мүшелеріне мемлекет тарапынан тегін ем алуға мүмкіндік бар. Емханада дәрігерлердің бақылауындамын. Дәрігерлерімізге үлкен рақмет. Әрдайым қасымызда жүріп, жарақаттарымызды тезірек жазуына бар күштерін салып келеді. Қазіргі басты мақсатым - толық сауығып, қайта боз кілемге оралу", - деді Жәмила Бақбергенова.
Айта кетейік, 2021-2024 жылдары аралығында әлем чемпионатында тұрақты түрде жүлде алып келген отандасымыз биылғы бәскенің алғашқы айналымында қырғыз балуанына есе жіберген еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
