5 күн бұрын

Астанада балуан Айбек Нұғымаров атындағы спортзал ашылды

Астанада балуан Айбек Нұғымаров атындағы спортзал ашылды

Астанадағы №106 орта мектепте қазақ күресінен екі дүркін «Қазақстан барысы» және үш дүркін «Әлем барысы» Айбек Нұғымаров атындағы спортзалдың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Sport12.kz

Арнайы іс-шараға балуан Айбек Нұғымаров арнайы келіп, лентасын қиды.

Дәл қазіргі сәтте №106 орта мектепте 4 500 бала оқиды. Оның 6-17 жас аралығындағы 60-қа жуық оқушысы дүйсенбі және сәрсенбі күндері ұлттық спортымызбен шұғылданады.

«Біздің мектебіміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Балаларымыз үшін 2 үлкен және 2 кішкентай залымыз бар. Осы орайда бір залымыздың есімін қазақ күресін әлемге танытып жүрген Айбек Нұғымаровтың атына беруді жөн деп шештік. Оның үстіне 2024 жылы қазақ күресінен «Жайлы мектеп барысы» атты жарысты өткізгеніміз тағы бар.

Алдағы уақытта дәстүрге айналады деп сенемін. Біздің мектебімізде күшке ие бола алатын балалар өте көп. Болашақта осылардың арасынан қазақ күресін танытатын балуандарды жарыққа шығарамыз деген ойдамын», - деді №106 орта мектебінің директоры Гүлсан Жаманқараева.

Іс-шара барысында Айбек Нұғымаров өз атынан қазақ күресіне арналған 20 спорттық киімді тарту етті.

«Менің атыма спортзалдың ашылғанына өте қуаныштымын. Көздерінен от жанып тұрған балалар болашақта кәсіби спортшы ретінде қалыптасып, менен де асып түсетіндеріне сенімдімін. Бастысы – ерінбей еңбек етіңіздер», - деп Айбек Нұғымаров өз ойын білдірді.

Салтанатты шарада мектеп ұжымы Айбек Нұғымаровқа қазақи дәстүрмен шапан жауып, өз құрметтерін көрсетті.

Айта кетейік, 18 қазан күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында кезекті «Қазақстан барысы-2025» бәсекесі өтеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Хетафе» футболшысы «Реалмен» ойындағы төрешілерге наразы

Футбол 28 минут бұрын

«Хетафе» футболшысы «Реалмен» ойындағы төрешілерге наразы

Қазақстандық Александр Шевченко әлемдік ATP рейтингінің үздік 90 тізімінен шығып қалды

Теннис 35 минут бұрын

Қазақстандық Александр Шевченко әлемдік ATP рейтингінің үздік 90 тізімінен шығып қалды

КФФ «Астана» — «Ақтөбе» матчындағы даулы сәттерге түсініктеме берді

Футбол 44 минут бұрын

КФФ «Астана» — «Ақтөбе» матчындағы даулы сәттерге түсініктеме берді

Қазақстан чемпионатының ширек финалы қалай өтті?

Бокс 2 сағат бұрын

Қазақстан чемпионатының ширек финалы қалай өтті?

«Пафос» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға жоспарын айтты

Футбол 2 сағат бұрын

«Пафос» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға жоспарын айтты

«Челси» капитаны мен Дастан Сатпаев тең нәтиже көрсетті

Футбол 2 сағат бұрын

«Челси» капитаны мен Дастан Сатпаев тең нәтиже көрсетті