5 сағат бұрын
Ақтөбеде жас балуанның қазасына байланысты іс қайта қаралады

Фото. gov.kz
Ақтөбеде жас балуан Рахымжан Елепбергеновтің өліміне қатысты істің мән-жайын анықтау үшін қайта сараптама өткізетін болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Облыстық полиция департаменті спортшының қазасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болмады деген себеппен қылмыстық істі тоқтатқан еді. Ата-анасының шағымынан кейін бұл бойынша қайтадан сараптама тағайындалатын болды. Содан кейін тиісті шешім қабылданады.
Оқиға Ақтөбе қаласындағы оқу-жаттығу жиынының бірінде болған. Қарсыласы оны жамбасқа лақтырады. Одан кейін жас балуан басын ұстап, бұрышта жатып қалады. Бапкері оны орнынан күштеп тұрғызуға тырысады. Соған қарамастан жас балуан есін жия алмайды. Жедел жәрдем шақырылады. Анасы Гүлдерай Гадилшина қалалық ауруханада нейрохирургия бөлімінің болмағанын айтады. Кейіннен облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, онда ота жасалады. Отадан кейін жас балуан есін жимастан 61 күннен кейін қайтыс болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
