8 сағат бұрын

Астанада «Қазақстан Барысы - 2025» бәсекесі басталды

Астанада «Қазақстан Барысы - 2025» бәсекесі басталды

Бүгін, 18 қазан күні, Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» XIV республикалық турнирінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл — өңірінің намысы үшін бозкілемге шығатын ең мықты балуандардың шешуші айқасы. Турнирге еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан үздік спортшылар қатысуда. Сондай-ақ, өткен жылғы «Қазақстан Барысы – 2024» чемпионы Ерасыл Қажыбаев пен «Әскер Барысы» турнирінің екі балуаны да бозкілемге шықпақ. Жалпы қатысушылар саны – 43 балуан. Барлығы жеребе рәсімінен өтіп, алынған реттік нөмірге сәйкес бозкілемге шығып, күш сынасатын болады.

Турнирдің ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Маратұлы сөз сөйлеп, қатысушылар мен жанкүйерлерді турнирдің басталуымен құттықтады: Сіздерді бүгін баршамызға қымбат, баршамызға ортақ ұлттық спорт мерекесі «Қазақстан Барысы» турнирінің салтанатты ашылуымен құттықтаймын! Осы додаға қатысып жатқан барлық балуандарға сәттілік тілеймін, ең мықтылары жеңіске жетсін! Бүгінгі жарыс Республика күні қарсаңында өтіп отыр. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтап, балуандарға тек сәттілік тілеймін! Ұлттық спорттың басты бәсекесі – «Қазақстан Барысы» турнирін ашық деп жариялаймын!» – деді ол.

Қазақ дәстүріне сай, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ күресінің ардагері Марат Жахит бозкілемге шығатын балуандарға ақ батасын беріп, әділ және тартысты белдесулер тіледі: Қазақ балуандарының даңқы мәңгі биік болсын! Елімізде де, шетелде де қазақтың рухын көтеретін батырлар көбейе берсін! Бүгінгі дода әділ, нағыз мықтылардың жеңісімен өтсін! Әумин!

Алғашқы белдесулер сағат 13:40-та басталды. Көрермендер турнирді «Qazsport» телеарнасынан және «Кинопоиск» сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті

Футбол 41 минут бұрын

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті

Аман Қонысбеков ширек финалға шықты

Бокс 41 минут бұрын

Аман Қонысбеков ширек финалға шықты

Сабыржан Аққалықов нокдаунмен жеңіске жетті

Бокс 1 сағат бұрын

Сабыржан Аққалықов нокдаунмен жеңіске жетті

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

Футзал 1 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

«Қазақстан Барысы» турнирінің 2025 жылғы жеңімпазы анықталды

Күрес 2 сағат бұрын

«Қазақстан Барысы» турнирінің 2025 жылғы жеңімпазы анықталды

Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті

Бокс 2 сағат бұрын

Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті