6 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Омар Сатаев U23 әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Грек-рим күресінен Омар Сатаев U23 әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатын грек-рим шеберлері үш медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz

82 келіде сынға түскен Омар Сатаев шешуші жарыс күнінде қола жүлде үшін белдесуде Бельгия спортшысы Ибрахим Табаевты 10:8 есебімен жеңді.

Жарыс барысында жерлесіміз қара құрлықтың мықтысы Мохамед Диабты (Египет) 4:2, Пан-Американ чемпионатының жүлдегері Диего Торресті таза жеңіп, ширек финалда былтырғы U23 әлем чемпионы Алесандрин Гутуға есе жіберді. Әйтсе де Омар жұбаныш белдесуінде Реон Какегавадан (Жапония) басым түсіп, қола жүлдеге таласта да мықтылығын мойындатты.

Омар Сатаев бұған дейін 2025 жылы Иорданияда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Айта кетейік, U23 әлем чемпионатында кеше Юсуф Мациев (күміс, 97 келі), Мерей Мәулетқанов (қола, 72 келі) жүлдегерлердің қатарына енген еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Грек-рим күресінен Омар Сатаев U23 әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Күрес 6 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Омар Сатаев U23 әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

«Қайрат» – «Астана» матчының барлық билеті сатылды.

Футбол 7 сағат бұрын

«Қайрат» – «Астана» матчының барлық билеті сатылды.

Қуат Хамитов сенсациялық жеңіске жетті

ММА/UFC 7 сағат бұрын

Қуат Хамитов сенсациялық жеңіске жетті

Муай-тайдағы отандасымыз Азия ойындарының ширек финалына өтті

ММА/UFC 9 сағат бұрын

Муай-тайдағы отандасымыз Азия ойындарының ширек финалына өтті

Шұғыла Өмірбек күрестен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Күрес 9 сағат бұрын

Шұғыла Өмірбек күрестен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері анықталды

Футбол 10 сағат бұрын

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері анықталды