2 күн бұрын
Самбодан әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы олжалы қайтты
Фото: sambo.sport
Қырғызстанның Бішкек қаласында 6-10 қараша күндері самбодан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі додаға 70 елден 466 спортшы қатысты. Жарыс Халықаралық самбо федерациясының (FIAS) қолдауымен «Газпром – балаларға» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп, халықаралық спорт күнтізбесіндегі ең ірі оқиғалардың бірі болды.
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Спорттық самбо:
79 кг – Еркебұлан Негметов – күміс
71 кг – Арнұр Қуатай – қола
64 кг – Жандос Бейсенбаев – қола
50 кг – Маргарита Бажаева – қола
80 кг – Мәдина Ержан – қола
Жауынгерлік самбо:
59 кг – Маржан Бизақ – алтын
71 кг – Ниетхан Төлеухан – алтын
80 кг – Ұлболсын Әділова – күміс
58 кг – Арман Тұрымбетов – қола
+98 кг – Талғат Жиентаев – қола
50 кг – Жадыра Пайыз – қола
+80 кг – Нұрилә Асанқызы – қола
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас