Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24.11.2025

Атырауда Ризабек Айтмұхан атындағы спорт кешені ашылды

Атырауда Ризабек Айтмұхан атындағы спорт кешені ашылды

Атырау қаласында Қазақстанның еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның құрметіне арналған жаңа спорт кешені ашылды.

Күреске арналған бұл заманауи нысан ресми түрде пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына сам Ризабек Айтмұхан өзі қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Шараға сондай-ақ 1989 жылғы грек-рим күресінен әлем чемпионы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов та қатысты.

Спорт кешенінің құрылысын салуға бастамашы болған — Атырау облыстық күрес федерациясының жетекшісі Арман Тұғаев. Жаңа орталық өңірдегі балуандардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруға үлкен мүмкіндік береді деп күтілуде.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»