27.11.2025
Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатына әлем чемпиондары қатыспайды
2025 жылдың 1-6 желтоқсан аралығында Алматы қаласы, «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жылдың басты жарысына әлем чемпиондары Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов, Айдос Сұлтанғали сынды белді балуандар қатыспайды.
«Қазақстан чемпионатынан Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов ресми түрде босатылды. Қос балуан жақында ғана Сауд Арабиясында өткен Ислам Ынтымақтастығы ойындарына қатысты. Оның үстіне ел ішінде олардың салмағында айтарлықтай бәсекелестік жоқ», - деді еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын грек-рим күресінен бас бапкер Қонысбек Төкенов те Айдос Сұлтанғалидың ел біріншілігіне қатыспайтындығын айтқан болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов