02.12.2025
Әлем чемпионы атанған қазақстандық балуанға пәтер берілді
Әлем және Азия чемпионы, еркін күрестен қазақстандық балуан Нұркөже Қайпановқа Астанадан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
1 желтоқсанда Алматыда ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталды. Kazwrestling баспасөзі мәлімдегендей, жарыстың алғашқы күнінде балуандар арасындағы белдесулермен қатар, бірнеше отандық спортшыны марапаттау рәсімі өтті.
2024 жылғы еркін күрестен әлем чемпионы, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған Нұркөже Қайпановқа Астанадан екі бөлмелі пәтердің кілті берілді.
Ал грек-рим күресінен 2024 жылғы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Қазақстан күрес федерациясынан 25 000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды.
Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Жанкүйерлер елдің үздік балуандарының тартысты белдесулерін Almaty Arena спорт кешенінде тамашалай алады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»