6 күн бұрын

Даңқты балуан Алмат Кебіспаев Қазақстан чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Даңқты балуан Алмат Кебіспаев Қазақстан чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Алматы қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Бүгін жарыс күнінде грек-рим күресінен 67 келіде іріктеу кезеңдері өтті. Әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері, қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Шаңырақ» Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директордың спорт жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жатқан Алмат Кебіспаев та жарыс жолына шығып, жартылай финалға дейін жетті.

1/2 финалда Алмат Кебіспаев 23 жасқа дейінгі Азия чемпионы Бағдат Сабазға қарсы тұрып, 3:3 есебімен тең түсті. Әйтсе де төрешілер соңғы ұпайды алған Бағдат Сабазды жеңімпаз деп таныды. Енді ол ертең финалда Мейіржан Шермағанбетпен (Шымкент қ) белдеседі.

Айта кетейік, ел чемпионаты «Almaty Arena» спорт кешенінде өтеді. Жарыс 6 желтоқсанға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас