6 күн бұрын
Қолда тұрған жүлдеден айырылған балуан, Әлішердің алғашқы жүлдесі: грек-рим күресінен кімдер чемпион атанды?
Күрес түрлерінен Алматы қаласында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін грек-рим күресінен 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келіде үздіктердің есімі белгілі болды.
Бір қызығы, 55 келіде финалда күресуге тиіс болған Қызылорда облысының балуаны Алпамыс Дастанбек таңғы салмақ өлшеу рәсіміне келмегендіктен, жүлдеден қағылды.
Еркін күрестің шебері Әлішер Ерғали грек-рим күресінен финалға дейін жетіп, күміс медальді еншіледі.
55 келі
1-орын: Нұрзат Қабдрахимов
2-орын: Ерсін Абыйр
3-орын: Ерасыл Мұсан
3-орын: Рауан Бекимов
63 келі
1-орын: Сайфулла Құрман
2-орын: Дастан Зарықшанов
3-орын: Еркебұлан Ардақов
3-орын: Бақытжан Қабдыл
72 келі
1-орын: Алматбек Аманбек
2-орын: Николай Хапко
3-орын: Нұрбек Қызыров
3-орын: Алижан Дурсунов
77 келі
1-орын: Мерей Маулитқанов
2-орын: Қанарман Қисыметов
3-орын: Талас Әшірханов
3-орын: Тамерлан Шадукаев
82 келі
1-орын: Ибрагим Магомадов
2-орын: Алмыр Төлебаев
3-орын: Диас Қалтай
3-орын: Омар Дүйсембек
130 келі
1-орын: Джохар Узаров
2-орын: Әлішер Ерғали
3-орын: Олжас Сырлыбай
3-орын: Әлімхан Сыздықов
Айта кетейік, 130 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали грек-рим күресінен алғаш рет өнер көрсетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов