5 күн бұрын

Грек-рим күресіндегі сенсация, ең шиеленісті салмақтағы чемпион: Қазақстан чемпионатының кезекті күнінде жеңімпаз атанды?

Грек-рим күресіндегі сенсация, ең шиеленісті салмақтағы чемпион: Қазақстан чемпионатының кезекті күнінде жеңімпаз атанды?

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының үшінші күнінде грек-рим күресінен төрт салмақ (60, 67, 87, 97 келі) және 2 әйелдер салмағында чемпиондардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz

Грек-рим күресінен 67 келіде бас қосқан 26 балуанның 11-і әлем, Азия чемпионаттарының жүлдесін иеленгендіктен, өте тартысқа толы болды. Нәтижесінде U23 санатындағы Азия чемпионы Бағдат Сабаз жарыс жолында әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері Алмас Кебіспаев және осы салмақтың көшбасшысы Мейіржан Шермаханбетті жеңіп кетті.

Ал 60 келіде жастар арасында әлем чемпионы Исхар Курбаев финалда Ербол Камалиевке есе жіберді.

60 келіге дейін:

1. Ербол Камалиев (Алматы облысы)

2. Исхар Курбаев (Жетісу облысы)

3. Аманғали Бекболатов (СҚО)

3. Ақжол Тұяқов (СҚО)

67 келіге дейін:

1. Бағдат Сабаз (Астана)

2. Мейіржан Шермаханбет (Қызылорда облысы)

3. Ержет Жарлықасын (Жамбыл облысы)

3. Диас Сайлауов (Ақтөбе облысы)

87 келіге дейін:

1. Нұрсұлтан Тұрсынов (Абай облысы)

2. Тимур Оспанов (Қостанай облысы)

3. Бауыржан Мусин (СҚО)

3. Ерасыл Жеңіс (Жетісу облысы)

97 келіге дейін:

1. Ерзат Ерланов (Астана)

2. Нұрасыл Аманәлі (Жамбыл облысы)

3. Темірлан Тұрдақын (ШҚО)

3. Мақсат Сайлау (Астана)

Әйелдер күресінен екі салмақ дәрежесінде ел үздіктері


50 келі

1.Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау обл)

2.Лаура Ғаниқызы (Алматы қ)

3.Гүлжазира Амантаева (Қостанай обл)

3.Светлана Анкичева (Астана қ)

59 келі

1.Виктория Хусаинова (Ақмола обл)

2.Мадина Аман (Түркістан обл)

3.Гүлдана Бекеш (Қарағанды обл)

3.Диана Каюмова (Астана қ)


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас