4 күн бұрын
Әлем чемпиондарының үстемдігі, қартаймайтын Елена Шалыгина: күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты қалай өтіп жатыр?
Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының төртінші жарыс күнінде әйелдер күресінен алты салмақ дәрежесінде ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
55 келіде сынға түскен U23 санатындағы әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Нилуфар Раймова қарсылас шыдатпады. Ал 72 келіде әлемде үздік саналатын Жәмила Бақбергенова Қазақстан чемпионатында 11-мәрте топ жарды. 38 жасқа келсе де, Елена Шалыгина жас балуандарға ырық бермеді.
53 келі
1-орын. Зейнеп Баянова (БҚО)
2-орын. Ирина Жәнібекова (Қарағанды обл)
3-орын. Аяжан Марқашева (Түркістан обл)
3-орын. Фарида Абдрахманова (БҚО)
55 келі
1-орын. Шұғыла Өмірбек (Түркістан обл)
2-орын. Зульфия Яхьярова (Қарағанды обл)
3-орын. Айнур Ашимова (Алматы обл)
3-орын. Аяжан Исмагулова (БҚО)
57 келі
1-орын. Нилуфар Раймова (Түркістан обл)
2-орын. Анна Стратан (СҚО)
3-орын. Алина Махамбетова (Қарағанды обл)
3-орын. Лаура Әлмағанбетова (Қостанай обл)
62 келі
1-орын. Тыныс Дүбек (Алматы обл)
2-орын. Анель Шокаева (Ақмола обл)
3-орын. Ирина Кузнецова (Астана қ)
3-орын. Жасмин Искандарова (Түркістан обл)
68 келі
1-орын. Елена Шалыгина (Астана қ)
2-орын. Бейбіт Сейдуалы (Шымкент қ)
3-орын. Сабина Торей (БҚО)
3-орын. Ирина Казюлина (Абай обл)
72 келі
1-орын. Жамила Бақбергенова (Алматы қ)
2-орын. Шәмшиябану Тастанбек (Түркістан обл)
3-орын. Зейнеп Эламас (Түркістан обл)
3-орын. Мейрамгүл Мақсот (БҚО)
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов