3 күн бұрын

Әлішер Ерғалидың екінші күмісі, Эльмира Сыздықованың жеңілісі: Қазақстан чемпионатының бесінші күні қалай өтті?

Әлішер Ерғалидың екінші күмісі, Эльмира Сыздықованың жеңілісі: Қазақстан чемпионатының бесінші күні қалай өтті?

Күрес түрлерінен Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының кезекті күнінде еркін күрестен 61, 70, 86, 125 келі және әйелдер күресінен 65, 76 келіде жүлдегерлердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz

Көпшілік асыға күткен еркін күрестен аса ауыр салмақтағы финалдық белдесуінде U20 санатындағы әлем чемпионы Едіге Қасымбек Токио және Париж Олимпиадасының қатысушысы Әлішер Ерғалиды 2:1 есебімен жеңіп кетті. Айта кетейік, Әлішер Ерғали грек-рим күресінде де күміс жүлдені еншілеген еді.

Ең көп 43 балуан қатысқан 70 келіде Санжар Досжанов финалда салмағын ауыстырған Майис Алиевті мерзімінен бұрын басым түсті.

Әйелдер күресінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова финалда астаналық балуан Гүлмарал Еркебаевадан есе жіберді.

Еркін күрес

61 келі

1-орын. Асыл Айтақын (Алматы қ)

2-орын. Әбдінұр Нұрланбек (Жамбыл обл)

3-орын. Өсімжан Дастанбек (Алматы обл)

3-орын. Мұхамед Балғабай (ШҚО)

70 келі

1-орын. Санжар Досжанов (Алматы қ)

2-орын. Майис Әлиев (Маңғыстау обл)

3-орын. Мейіржан Аширов (Жамбыл обл)

3-орын. Бек Жақсылықов (Ақтөбе обл)

86 келі

1-орын. Болат Сақаев (Атырау обл)

2-орын. Асхаб Хаджиев (Қарағанды обл)

3-орын. Рүстем Мырзағалиев (Жетісу обл)

3-орын. Арнат Айтбеков (Жетісу обл)

125 келі

1-орын. Едіге Қасымбек (Алматы обл)

2-орын. Әлішер Ерғали (Жамбыл обл)

3-орын. Омархан Надиров (Астана қ)

3-орын. Нұрсұлтан Азов (Ақмола обл)

Әйелдер күресі

65 келі

1-орын. Айжан Суйдуова (Алматы обл)

2-орын. Жаңыл Бекен (Алматы қ)

3-орын. Гаухар Мұқатай (Алматы қ)

3-орын. Гүлдана Өсербай (Түркістан обл)

76 келі

1-орын. Гүлмарал Еркебаева (Астана қ)

2-орын. Эльмира Сыздықова (Қарағанды обл)

3-орын. Балжан Таспанбетова (Түркістан обл)

3-орын. Анастасия Панасович (БҚО)

Әйелдер күресіндегі жалпы командалық рейтинг:

1-орын. Түркістан обл. - 170 ұпай

2-орын. Алматы обл. - 124 ұпай

3-орын. Астана қ. - 111 ұпай




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас