2 күн бұрын
8 дүркін Қазақстан чемпионы атанған Азамат Дәулетбеков, Мейрамбек Қартбайдың кезекті күмісі: Қазақстан чемпионатының шешуші күнінде кімдер жүлде алды?
Күрес түрлерінен 1-6 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарыстың соңғы күнінде еркін күрестің балуандары 6 салмақта жеңімпазды анықтады.
Халықаралық турнирлерде 86 келіде белдесетін Азамат Дәулетбеков өзінен жоғары салмақта белдесіп, финалға шықпай-ақ топ жарды.
65 келіге көтерілген Мейрамбек Қартбай Қазақстан кубогында да финалға дейін жетіп еді. Осы жолы да ол күміс жүлдемен шектелді.
57 келі
1-орын. Мерей Базарбаев (Алматы қ)
2-орын. Нұрданат Айтанов (Жамбыл обл)
3-орын. Абзал Окенов (Астана қ)
3-орын. Еламан Амангелді (Ұлытау обл)
65 келі
1-орын. Ади Серікұлы (Түркістан обл)
2-орын. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе обл)
3-орын. Нұрсұлтан Садық (Жамбыл обл)
3-орын. Санжар Мұхтар (Жамбыл обл)
74 келі
1-орын. Әлібек Әбдіқасымов (Алматы обл)
2-орын. Нұрдаулет Сейлбеков (Атырау обл)
3-орын. Егор Анчугин (Алматы қ)
3-орын. Ернұр Нұрғазы (Павлодар обл)
79 келі
1-орын. Дәулет Ергеш (Жамбыл обл)
2-орын. Жеңіс Қаныбеков (Шымкент қ)
3-орын. Нұрым Нығманов (Қарағанды обл)
3-орын. Арсен Үрімжан (Жетісу обл)
92 келі
1-орын. Азамат Дәулетбеков (Шымкент қ)
2-орын. Камиль Куруглиев (Маңғыстау обл)
3-орын. Омар Жұмаш (Алматы обл)
3-орын. Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана қ)
97 келі
1-орын. Бекзат Үркімбай (Астана қ)
2-орын. Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар обл)
3-орын. Әкежан Айтбеков (Жетісу обл)
3-орын. Нұрдәулет Бекенов (Шымкент қ)
Еркін күрестен командалық рейтинг:
1-орын. Жамбыл обл. - 135 ұпай
2-орын. Алматы қ. - 112 ұпай
3-орын. Алматы обл. - 96 ұпай
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов