2 күн бұрын
Олимпиада жүлдегері қамауға алынды
Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сотқа тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іс материалдары «Сот кабинетінде»жарияланған. Онда оған билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылған. Басқа деректер әзірге жарияланған жоқ. Танымал балуан Павлодардағы тергеу изоляторынан алдағы сот отырысына жеткізілмек.
«Сот өндірісінде Шабанбай Д.Е.-ға қатысты ҚР ҚК 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағында көзделген «Екі және одан да көп адамға қатысты жасалған билік өкіліне күш қолдану» қылмысын жасау дерегі бойынша іс қаралып жатыр», - делінген «Сот кабинеті» материалдарында.
Оның ең ірі жетістіктерінің бірі - 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола медалі. Алайда спортшы бұл марапатты тек 2022 жылы Белградта алған. Өйткені Олимпиаданың екі жүлдегері тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін шеттетілген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов