1 күн бұрын
Парадзюдошылар Гран-При жарысында 2 алтын жеңіп алды
Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен пара дзюдодан әлемдік Grand Prix турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарыстың екінші күнінде қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Жұрқамырза Шүкірбеков (J2, +95 кг) алтын жүлдеге қол жеткізсе, Ерлан Утепов (J1, +95 кг) күміс медаль иеленді. Ал Абылай Әділбеков (J1, -95 кг) қола жүлдені қанжығасына байлады.
Ал жарыстың алғашқы күнінде Бексұлтан Құлмырза (J2, -81 кг) жеңімпаз атанса, Ғалымжан Смағұлұлы (J2, -81 кг) екінші орын алды. Сондай-ақ Асылан Нұрдаулетов (J1, -70 кг) қола медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнир қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов