5 сағат бұрын
Күрес федерациясының президенті хейтерлерге жауап берді
Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының 2025 жылдың қорытынды отырысында жаңадан келген президент Еркін Оқасов әлеуметтік желідегі хейтке жауап қайтарды, деп хабарлайды Sport12.kz
Күні кеше әлеуметтік желіде "еркін күрес мықты ма әлде грек-рим күресі мықты ма деп жүргенде қазақ күресінің азаматтары күрес федерациясының тізгінін ұстады", - дегендей жазбалар жазылған болатын.
Осы орайда күрес федерациясының презденті осылай деп жауап берді:
"Біздің өз ортамызда қазақша күрестен келген дейтін дискриминация керек емес. Тарихқа тоқталсақ, әйгілі Қажымұқанның өзі ауылдан жүріп, қазақ күресінен жолын бастады ғой. Сол күреспен әлемге шығып, атақты болды. Ол аз десеңіздер, Олипиада чемпионы, марқұм Жақсылық Үшкемпіров те бір сұхбатында ең алғаш спорт жолын ауылдағы қазақ күресі үйірмесінен бастағанын айтқан еді. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға барған сапарында әйгілі сумошы Ерсін Балтағұлмен тілдесті. Президент қай спорт түрінен бастағанын сұрады. Сонда Ерсін әуелі қазақша күрестен үйренгенін айтты. Мен қазақ күресі еркін немесе грек-рим күресінен мықты деп тұрғаным жоқ. Бәріміздің тарихымыз бір жерден басталады. Бәріміз қазақпыз. Мұнда боз кілемге шығып күреспейміз ғой. Өзіміздің тәжірибемізбен менеджмент пен жүйені дұрыс жолға қоюға тырысамыз", - деді 2 апта бұрын күрес федерациясының президенттігіне тағайындалған Еркін Оқасов.
Еркін Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Осы уақытқа дейін «Qazaq kuresi» қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов