4 сағат бұрын

Күрес федерациясында вице-президенттердің саны көбейді

Күрес федерациясында вице-президенттердің саны көбейді

Бүгін, 19 желтоқсан күні Астанада Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының 2025 жылдың қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Жиында федерация басшылығы жаңа мамандармен толықққаны айтылды. Енді федерацияның вице-президенттері болып, Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Мельниченко Юрий Васильевич пен Лондон Олимпиадасының жүлдегері Таңатаров Ақжүрек Достықұлы тағайындалды. Сондай-ақ, бұған дейін «Қазақ күресі» қауымдастығының бас директоры ретінде қызмет атқарған Дамир Бекбосынов федерацияның бас хатшысы қызметіне кірісті. Бұдан бөлек, вице-президенттер Нұржан Қатаев, Дәурен Жабасов, Сабыржан Зайнидинов өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Жаңадан келген вице-президенттердің қандай қызметпен айналысатыны алдағы уақытта белгілі болады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас