3 сағат бұрын

3 бөлмелі пәтер, 12 миллион теңге: Күрес федерациясы қай балуандарды марапаттады?

3 бөлмелі пәтер, 12 миллион теңге: Күрес федерациясы қай балуандарды марапаттады?

Бүгін, 19 желтоқсан күні Астанада Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының 2025 жылдың қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Федерацияның жаңа президенті Еркін Оқасов жиын барысында грек-рим күресінен XXI ғасырда алғаш әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиға Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Сондай-ақ, өзге де балуандар ақшалай сыйақыға ие болды:

2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановқа 3 млн теңге;

2025 жылғы Азия чемпионаты мен Ислам ойындарының күміс жүлдегері Ризабек Айтмұханға 3 млн теңге;

2025 жылғы Азия чемпионы Жәмила Бақбергеноваға 2 млн теңге;

U23 санатында әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Шұғыла Өмірбекке 2 млн теңге;

U17 санатында әлем чемпионы Мадхия Усмановаға 1 млн теңге;

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Жаңажол Қуанышбекке 1 млн теңге.

Қорытынды жиналысқа U20 санатындағы әлем чемпионы Едіге Қасымбек пен әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді келе алмады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас