2 сағат бұрын

Қазақстанда жағажай күресі дамытылуы мүмкін

Қазақстанда жағажай күресі дамытылуы мүмкін

Бүгін, 19 желтоқсан күні Астанада Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының 2025 жылдың қорытынды отырысында жағажай күресінің дамуына көңіл бөлінуі мүмкін екендігі жайлы айтылды, деп хабарлайды Sport12.kz

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жағажай күресін Қазақстан Республикасының спорт түрлері тізіліміне енгізу мәселесі қарастырылады. Бұл жаңа бағытты дамытуға және кешенді ойындарда неғұрлым көбірек медаль еншілеуге мүмкіндік береді", - деді Күрес федерациясының бас хатшысы Дамир Бекбосынов.

Айта кетейік, Қазақстанның балуандары 2026 жылы 22-30 сәуір аралығында Қытайдың Хайнань аралында орналасқан Санья қаласындағы VI Жағажай ойындарына қатысуы мүмкін. Бұл жарыс бұған дейін 2016 жылы Вьетнамда өткен еді.

Жағажай күресі қолға елімізде қолға алынғалы жатқанымен, ел тарихында балуандарымыз әлем чемпионаттарында жүлде алып үлгерген. Атап айтсақ, 2010-2013 жылдары аралығында Меруерт Дынбаева мен Ольга Абакарова-Калинина 3 дүркін әлем чемпионы атанған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас