20.12.2025
Айдос Сұлтанғали: Олимп шыңына шығу үшін еңбектеніп жатырмын
Грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатының алтын жүлдесін әперген Айдос Сұлтанғали күрес федерациясының жылдық жиынында өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
«2 дүркін әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы болуы үшін еңбектеніп жатырмын. Елімізде де материалдық тұрғыдан да қолдау көрсетіліп, жетістіктерімді елеусіз қалдырмады. Өткен жолы Қызылорда қаласында темір тұлпар мен пәтер тарту етсе, енді күрес федерациясы Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілті табыстады. Босаңсуға уақыт жоқ. Қазір Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз», - деді Айдос Сұлтанғали.
Айта кетейік, күрес федерациясының Астана қаласында өткен жиынында Айдос Сұлтанғалидан бөлек, бірнеше балуандарымыз да ақшалай сыйақыға ие болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов