20.12.2025
Юрий Мельниченко: бізге Олимпиада чемпионы керек
Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко күрес федерациясындағы жаңа қызметі жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Күрес федерациясының вице-президенті болу - мен үшін үлкен жаңалық. Бұл жүйеде белгілі бір дәрежеде тәжірибем бар. Өз біліміммен бөлісуге, көмектесуге дайынмын. Қазіргі сәтте күрестің статистикасы жақсарып келеді. Енді осы жолды жалғастырып, реті келсе сапаны күшейтуге тиіспіз. Бізге Олимпиада чемпионы керек», - деді Юрий Мельниченко.
Айта кетейік, күрес федерациясының Астана қаласында өткен жиынында Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко мен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров вице-президент ретінде сайланған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов