20.12.2025
Болгария Ресей балуанына азаматтық берді
Еркін күрестің балуаны Шамиль Мамедов ресми түрде Болгария ұлттық құрамасының сапында өнер көрсету құқығына ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл шешім Болгария спорт федерациясының кезекті отырысында қабылданды.
Жиын барысында мәселе қызу талқыланып, белгілі бір дау-дамайға ұласқаны айтылды. Соған қарамастан, дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілік федерация мүшелері спортшыға Болгария атынан халықаралық жарыстарда күресуге рұқсат беру туралы шешімді қолдады.
Айта кетейік, Шамиль Мамедов бұған дейін Ресей сапында 2023 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін алған еді.
Ресей балуандары Олимпиадаға қатысу құқығына айырылғалы бері кейінгі 4-5 жылдықтың ішінде көптеген спортшылар өзге елдің атынан күресуге шешім қабылдаған. Мысалы, 2025 жылғы Хорватиядағы жаһандық додада Ресейдің 40-тан астам балуаны өзге мемлекеттің атынан жүлдеге таласты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов