20.12.2025

Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионы атанды

Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионы атанды

Отандасымыз Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS нұсқасы бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sport12.kz

B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында ешкімге дес бермеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді. 

Осы арқылы Әмір қазақ брейкингінің әлемдік аренада жоғарғы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Закиров былтыр Париж Олимпиадасына қатысып, ширек финал жеткен.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас