1 күн бұрын
«Өнер барысында» кімдер жеңіске жетті?
Бүгін, 26 желтоқсан күні Beeline спорт кешенінде араға 6 жыл салып, Астанада қайтадан «Өнер барысы» шоуы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
2019 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан қазақ күресінен ерекше бәсекеде 7 жұп өз өнерлерін ортаға салды.
Ине шаншар орын болмаған кештің алғашқы белдесуінде Қуаныш Бейсағалиев «Тау баласы» лақап аты бар Олжас Тоғымбетті таза жеңді.
Екінші кездесуде де Нұрсұлтан Орынбеков «Азартник» киносының актері Нұрсұлтар Мейірбекті 1 минут 13 секундта жықты.
Кештің үшінші кездесуінде Назар Шархан Бағжан Данайдан айласын асырды. Одан кейін Ырысмұхаммед Ардақұлы мен Әлібек Серғазинның белдесуі толықтай 5 минутқа жалғасып, нәтижесінде Ырысмұхаммедтың бағы жанды.
Бесінші белдесуде нағыз алыптардың күресі болды. Себебі, қос балуанның салмағы 347 келіні құрайтын еді. «Өнер барысының» тұрақты қатысушысы, жеңілістің дәмін татпаған Біржан Шөпбай жайдарманшы Ерман Нұрбосынұлымен жолықты. Белгіленген 5 минутта да қос балуан ешқандай белсенділік танытпай, жеңімпаз тағдыры белдесуде шешілді. Бұл жерде тәжірибелі Біржан Шөпбай жеңіске жетті.
Алтыншы белдесуде әлеуметтік желіде «Олжасхан» атымен танымал блогер Олжас Тұрарұлы ММА шебері Дәулет Өсербаймен күш сынасты. Тартысты белдесуде қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер Олжас таза жеңіске жетті.
Кештің басты кездесуінде жайдармандағы «Миллион» командасының мүшесі болған Мансар Орынхан шетелден арнайы шақыртылған Чика Джерриді ұзаққа апармады. Санаулы уақыттың ішінде отандасымыз таза жеңіске қол жеткізді.
Айта кетейік, «Өнер барысы» шоуын «Beles» құрылыс компаниясы ұйымдастырды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов