30.05.2023

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бішкектегі турнирге қатыспайды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бішкектегі турнирге қатыспайды

Эльмира Сыздықова

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Эльмира Сыздықова жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына қатыспай, кетіп қалды. Бұл ақпаратты команданың аға бапкері Қайрат Сағадиев те растады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бапкердің мәліметінше, Сыздықова Бішкектегі рейтингілік турнирге қатыспақ болған.

"Қырғызстан астанасында халықаралық оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Жиын барысында Эльмира Сыздықова аяғын қатты ауыртып алды. Бүгінде ол елге қайтып кеткен. Онымен кешенді ғылыми топ мамандары жұмыс істеп, әрі қарай емдейді. Әзірге оның жарақаты нақты қай деңгейде екені белгісіз. Қазіргі таңда жиын жалғасуда. Мұнда Қырғызстан, Франция, Түркия құрамаларынан спортшылар келді. 1-4 маусым аралығында өтетін рейтингілік турнирде біздің балуандар да бақ сынайды", - деді Сағадиев.

Бішкектегі жиынға құраманың бірінші және екінші нөмірлі балуандары қатысуда. Айта кетелік, Эльмира Сыздықова күрестен екі дүркін Азия чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

Хоккей 54 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

Бокс 1 сағат бұрын

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Футбол 6 сағат бұрын

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

ММА/UFC 6 сағат бұрын

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Дзюдо 7 сағат бұрын

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды

Хоккей 8 сағат бұрын

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды