30.12.2025

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы алдағы маусымға дайындықты бастады

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы алдағы маусымға дайындықты бастады

Фото: Қазақстан ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы маусымға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

 Бұл туралы Қонысбек Кәрімұлы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.

"Ұлттық құрама бұған дейін Таиландта қалыпқа келтіру жиынына қатысты. Жиынға Азия және әлем чемпионатында жүлдеге іліккен балуандарымыз барды. Кейін құраманың 80 пайызы Бурабайдағы жалпы дене дайындығына арналған оқу-жаттығу жиынына қатысты.

12-30 қаңтар аралығында Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Содан кейін Хорватияның Загреб қаласында өтетін рейтингтік турнирге қатысамыз. Мақсат - арнайы дене дайындығынан кейінгі балуандардың әлеуетін көру. Жарыстан кейін дәл сол Хорватияда 9-25 ақпан аралығында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Сонымен қатар алдағы Азия ойындарына елімізде іріктеу турнирін өткізу жоспарда бар. Дегенмен бұл әлі нақты емес", - деді Қонысбек Кәрімұлы.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас