01.01.2026
Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы тағайындалды
Фото: Қазақстан қазақ күресі федерациясы
Дамир Бекбосынов Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңа бас хатшы – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол ұлттық күрес түрлерін дамытуда айтарлықтай басқарушылық тәжірибеге ие. 2023 жылдан бері Дамир Бекбосынов Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры қызметін атқарып, қазақ күресін жүйелі түрде дамыту, халықаралық деңгейде насихаттау бағытында бірқатар бастамаларды іске асырды.
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап ол ұлттық күрес түрлері бойынша United World Wrestling (UWW) халықаралық ұйымының Атқарушы комитетінің құрамына енді. Бұл – қазақстандық маманның әлемдік күрес қауымдастығындағы беделін көрсететін маңызды қадам.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас