4 күн бұрын

Әйелдер күресінен Қазақстан балуандарының 2025 жылғы жетістігі қандай?

Әйелдер күресінен Қазақстан балуандарының 2025 жылғы жетістігі қандай?

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Еліміздің күрес түрлері федерациясы әйелдер күресінен қазақстандық балуандардың 2025 жылғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

- Биылғы Азия , Әлем чемпионаттары бұрымды палуандарымыз үшін тарихи жеңістерге толы ерекше жыл болды. Әр жас санатында қыздарымыз ел абыройын асқақтатып, бар күш жігерін боз кілемде көрсетіп көк туымызды биікте желбіретуге тырысты.

Спортшыларымызда биылғы Азия чемпионатында жалпы 2 күміс, 5 қола медаль бар. Жасөспірімдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі Усманова Мадхия Қазақ елін алтыннан алқа тағып қуантты. 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Шұғыла Өмірбек тарихи алтын медальдің иегері атанды. Жыл бойы аянбай еңбек етіп, намысты қолдан бермеген палуан қыздарымызға және оларды тәрбиелеп, жол көрсеткен бапкерлерге үлкен алғыс білдіреміз, - деп жазылған хабарламада. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас