1 күн бұрын

Түркиядағы турнирде грек-рим күресінен қазақстандық палуандар жоғары нәтиже көрсетті

Түркиядағы турнирде грек-рим күресінен қазақстандық палуандар жоғары нәтиже көрсетті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бұл күндері Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен Олимпиада чемпионы Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысты бастаған грек-рим күресінен ұлттық құрама спортшылары 4 медаль олжалады. Атап айтқанда, Юсуф Ашрапов (-72 кг) пен Бағдат Сабаз (-67 кг) финалда жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал Еркебұлан Ардақов (-63 кг) және Рахат Бержанов (-97 кг) өз салмағында үшінші сатыға тұрақтады.

Нәтижесінде Қонысбек Төкенов баптайтын Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 104 ұпаймен 3-орын алды.

Биыл турнирге әйелдер күресінен отандастарымыз бармады. Алдағы күндері бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас