05.06.2023
Күрестен Бішкекте өткен турнирде ел қоржынына бес медаль түсті

Азамат Дəулетбеков
Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медальге қол жеткізді.
Сырбаз Талғат (70 келі) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2.
Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі), Жігер Закиров (79 келі), Азамат Дəулетбеков (86 келі) қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған.
