31.01.2026
Данияр Қайсанов еркін күрестен ұлттық құрама тізгінін ұстады
Фото: Қазақстан күрес федерациясы
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Данияр Қайсанов тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Данияр Қайсанов - жаңа буынның өкілі, 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша тәмамдаған білікті маман.
2017 жылдан бастап Данияр Қайсанов еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында жүлдеге бір табан жақын болды.
Еркін күрестен ұлттық құрама балуандарының алдағы жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында ұйымдастырылып, бапкерлер құрамы толық таныстырылады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!