01.02.2026

Жәмила Бақбергенова Ресейдің танымал турнирінде чемпион атанды

Жәмила Бақбергенова Ресейдің танымал турнирінде чемпион атанды

Қазақстан әйелдер күресі құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин кубогы халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жәмила 72 келіге дейінгі салмақтың финалында Моңғолия балуаны Болртунгалаг Зоригтен басым түсті. Қола медальдар Қырғызстаннан барған Нұрзат Нұртаева мен ресейлік Ксения Бураковаға бұйырды.

Турнир қорытындысы бойынша, Қазақстанның әйелдер құрамасы бір алтын және екі күміс медаль еншіледі.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!