01.02.2026

Жәмила Бақбергенова: чемпион атану - мен үшін үлкен бақ

Жәмила Бақбергенова: чемпион атану - мен үшін үлкен бақ

Қазақстан әйелдер күрес құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Красноярскіде (Ресей) өткен беделді Иван Ярыгин кубогында алтын медаль жеңіп алғаннан кейінгі эмоцияларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Маусымның басындағы алғашқы жеңісім! Красноярскіде өткен Иван Ярыгин кубогының чемпионы болдым. Балалық шағымда әкемнен осы турнир туралы жиі еститінмін. Әкем тек ең мықтылар ғана жеңеді деп айтушы еді. Жылдар өткен соң, осы жарыстың чемпионы атану мен үшін үлкен бақ болды. Бұл мен үшін үлкен құрмет пен мақтаныш», – деп жазды Жәмила Instagram парақшасында.

Қазақ спортшысының айтуынша, жеңіске жету жолы оңай болмаған және саналы түрде жоспарланған.

«Мен бес рет осы турнирде қатыстым және екі рет жүлдегер атандым. Биыл мақсатым - жеңіске жету болды. Oсы тапсырманы орындағаныма қуаныштымын. Дайындық аясында біз Красноярскіде оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Осы жетістік үшін жеке бапкеріме алғысымды білдіремін», – деп қосты ол.

Айта кетейік, Жәмила 72 кг дейінгі салмақта үздік атанып, финалда Моңғолия өкілі Болртунгалаг Зоригтты жеңді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!