6 күн бұрын

Юрий Мельниченко Атланта Олимпиадасына дайындалған ерекше сәтін еске түсірді

Юрий Мельниченко Атланта Олимпиадасына дайындалған ерекше сәтін еске түсірді

Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко Sport+ арнасына берген сұхбатында жеңіске жетуге себеп болған жайтты айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

  • «1992 жылғы Барселона Олимпиадасында күрес жарыстарын тікелей эфирде көру мүмкін болмады. Тек кей белдесулердің бөліктері ғана ұсынылды. Бірақ жарты жылдан кейін халықаралық күрес федерациясы Олимпиада ойындарындағы ерекше әдістерді жинақтап арнайы видео шығарды. Сол видео кассетаны 100 рет көрген шығармын. Ол жерде 74 келідегі Армения балуаны Мнацакан Искандарянның қарсыласын иықтан асыра лақтыру әдісі ерекше ұнады. Ол тек іріктеуде ғана емес, финалдық белдесуде де сол әдісті қолданды. Оның бір ерекшелігі - қарсыласты көтерген сәтте қайтадан аяғын түсіруге мүмкіндік беріп, одан кейін лақтыратын еді», - деді Юрий Мельниченко.

Ол бұл әдісті қашан алғаш қолданғанын да айтты.

«1994 жылғы жазғы Азия ойындарында осы әдісті қолдандым. Одан кейінгі жарыстарда да бұл әдіс ең мықты тұстарымның біріне айналып кетті. Видео кассетадан түйген тағы бір маңызды қорытындым - 62 келіде чемпион атана алмайтынымдығыма көз жеткіздім. Ал 57 келідегі қарсыластарымды көру арқылы жеңіске жетуге болатындығын ұқтым. Жастарға да өз әдістерімен шектеліп қалмай, әдістерін молайтуға кеңес беремін», - деді Юрий Мельниченко.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!