8 сағат бұрын

Данияр Қайсанов еркін күрестен ел құрамасының алдағы жоспарын жариялады

Данияр Қайсанов еркін күрестен ел құрамасының алдағы жоспарын жариялады

Фото: Данияр Қайсановтың Instagram парақшасы

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалған Данияр Қайсанов алдағы жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде бас бапкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Құрметті достар, спорт сүйер қауым! Бүгіннен бастап Еркін күрестен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне кірістім. Осы жолда маған сенім артқан Спорт министрлігіне және Күрес Федерациясы басшылығына алғыс білдіремін. Бұл - мен үшін үлкен жауапкершілік. Артылған міндетті абыроймен атқарып, ұлттық құраманың дамуы жолында аянбай еңбек етеміз. Қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын, - деп жазылған хабарламада.  

Данияр Қайсанов - жаңа буынның өкілі, 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша тәмамдаған білікті маман.

2017 жылдан бастап Данияр Қайсанов еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында жүлдеге бір табан жақын болды. 



Біздің серіктес: Бізге тіркел!