5 күн бұрын
Ризабек Айтмұханның ел ішіндегі қарсыласы шетелдік турнирде есе жіберді
Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Хорватияның Загреб қаласында 4–8 ақпан аралығында өтіп жатқан Zagreb Open халықаралық турнирінде жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz
Іріктеу кезеңінде отандасымыз Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 26 жастағы венгриялық Ричард Вехке 0:3 есебімен жол берді. Белдесу 97 келі салмақ дәрежесінде өтті.
Камиль Куруглиев 2025 жылы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.
Айта кетейік, айтулы жарыста әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қатыспады.
Енді ертең грек-рим күресінің шеберлері жарыс жолына шығады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов