4 күн бұрын

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали жаңа салмақта күресті

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали жаңа салмақта күресті

Zagreb Open халықаралық күрес турнирінде 63 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғалидің екінші белдесуі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Хорватия астанасында өткен алғашқы белдесу қазақстандық балуан үшін сәтті болды. Ол мысырлық Адхам Эльсайедті 8:2 есебімен ойсырата жеңді. Алайда екінші кездесуде Айдос молдовалық Виталий Ерёменкодан 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Ерёменко - Еуропа чемпионатының және 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Енді Сұлтанғали тек қола медальға ғана таласа алады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!