6 сағат бұрын

Күрестен Zagreb Open турнирінің кезекті күнінде жүлде бұйырмады

Күрестен Zagreb Open турнирінің кезекті күнінде жүлде бұйырмады

Zagreb Open рейтингілік турнирінде бастапқы белдесулерде жеңіліп, «жұбаныш» кезеңі арқылы қола медальға таласуға мүмкіндік алған Мақсат Сайлау (87 келі) мен Нилуфар Раимованың (57 келі) жарыстағы тағдыры белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz

Астаналық «классик» бұл кезеңде америкалық Пэйтон Якобсеннен 0:8 есебімен ойсырай жеңілсе, түркістандық Нилуфар Раимова швециялық Тиндра Далмурға қарсы белдесуге мүлде шықпады.

Осылайша, Қазақстан бұл аса беделді турнирдегі сәтсіз өнер көрсетуін жалғастырып отыр. Үш жарыс күнінен кейін де ұлттық құраманың қоржынында бірде-бір медаль жоқ. Тіпті қазіргі әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали де қола жүлдені иелене алмады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!