5 сағат бұрын

Дәулет Ниязбеков еркін күрестен Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады

Дәулет Ниязбеков еркін күрестен Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады

Фото: Қазақстан ҰОК

 Еркін күрестен Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Дәулет Ниязбеков тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде еліміздің күрес федерациясы мәлім етті. 

Дәулет Шораұлы – еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі тәжірибелі спортшы. Ол ұзақ жылдар бойы ел намысын абыроймен қорғап, Олимпиада ойындарына (Лондон-2012, Токио-2020) қатысқан. Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы.

Дәулет Ниязбеков бозкілемде балуандықпен қатар бапкерлікті алып жүрген еді. Бапкерлік қызметте 13 жылдан астам тәжірибе жинақтаған маман әр жылдары балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, ұлттық құрамада, күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында жұмыс атқарған.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!