1 күн бұрын
Қазақстан балуандары Хорватиядағы рейтингтік турнирді 3-орында аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен 2026 жылдың алғашқы рейтингтік жарысы - Zagreb Open мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бозкілем бәсекесін осы жолы грек-рим күресінің шеберлері тамамдады. Қонысбек Төкенов бастаған Қазақстан құрамасы бәсекеде 1 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы есепте 3-орын алды.
Қазастандық жүлдегерлер
Күміс
Ислам Евлоев (-97 кг)
Қола
Ербол Камалиев (-60 кг)
Аманғали Бекболатов (-60 кг)
Алматбек Аманбек (-72 кг)
Ибрагим Магомадов (-82 кг)
Олжас Сырлыбай (130 кг)
Грек-рим күресінен жалпыкомандалық есеп:
1. Иран құрамасы
2. Өзбекстан құрамасы
3. Қазақстан құрамасы
Айта кетейік, келесі рейтингтік турнирді Азия құрлығының атынан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қабылдайды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!