4 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бапкер таныстырылды
Фото: Қазақстан күрес федерациясы
Қазақстан күрес федерациясы әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері Нұрсұлтан Теміровті балуандарға ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан күрес федерациясы мәлім етті.
- Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Сабыржан Зайнитдинов және спорт директоры Жандос Сайханов әйелдер құрамасына жаңа бас жаттықтырушы Нұрсұлтан Теміровті ресми түрде таныстырды, - деп жазылған хабарламада.
Нұрсұлтан Теміров еңбек жолын 2014 жылы бастады. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбектенді. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрсұлтан Теміров әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова және тағы басқа спортшылардың жеке жаттықтырушысы.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!