Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Астанада грек-рим күресінен бапкерлер біліктілігі арттырылды

Астанада грек-рим күресінен бапкерлер біліктілігі арттырылды

Фото: Қазақстан ҰОК

Астанада грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Спорт саласы мамандарының кәсіби дамуына бағытталған бұл курс барысында жаттығу процесін жетілдіру, спортшылардың функционалдық диагностикасы, дайындық кезеңдеріндегі дұрыс тамақтану және оқу-жаттығу процесін тиімді жоспарлау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға спорттық психология, спорт саласындағы заңнама, допингке қарсы жұмыс, спорттық медицина негіздері және тейп қолдану жөнінде теориялық, әрі практикалық ақпарат ұсынылды.

Курс аясында грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко практикалық дәріс өткізіп, бір күн бойы өзінің спорттық және бапкерлік тәжірибесімен бөлісті.

Атап айтқанда, 9-16 ақпан грек-рим күресі, ал 18-25 ақпан күндері еркін күрестен оқу дәрістері жоспарланған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»