7 сағат бұрын
5 дүркін «Сыр барысы» қазақ күресінен жастар арасында бапкер болды
Фото: Арал ауданының әкімдігі
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, Сәлімгереев Нұрым Сәлімгерейұлы қазақ күресінен жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Нұрым Сәлімгерейұлы – Қазақ күресінен халыкаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері, «Евразия» барысы және 5 дүркін «Сыр барысы» атағына ие болған.
Қазіргі таңда Нұрым Сәлімгерейұлы басқармаға қарасты «Теннис спорт түрлері бойынша» спорт мектебі директорының орынбасары қызметін атқаруда.
Ендігі кезекте Нұрым Сәлімгерейұлы жастар арасында қазақ күресін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде халықаралық және республикалық додаларға қатысуына, сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижесіне жауапты болады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»